24
қазан
2023
25 -қазан "Республика күні!"
КМҚК «№196 бөбекжай балабақшасы» ұлттық мереке – Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы – Республика күнімен құттықтаймыз!
Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, боданды
қ құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сізге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларың сәтті болсын!
25 қазан — біздің еліміз үшін маңызды күндердің бірі. Дәл осы күні 1990 жылы Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл - ел тәуелсіздігінің алғашқы қадамы болды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 25 қазан - Республика күні күнтізбеге ұлттық мереке ретінде қайта енгізілді.
Осы мерекелі күнде сіздерге денсаулық және бақыт тілейміз. Біздің барлық бастамаларымыз нәтижелі, ал болашағымыз жарқын болсын!
Осылайша он жылдан астам уақыт бойы 25 қазан – Республика күні тойланған жоқ.

Республика күнінің тарихы
Республика күнінің тарихы сонау тоқсаныншы жылдардан басталады. 1990 жылы 25 қазанда "Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы" декларация қабылданды. Бұл Қазақстанның тәуелсіздік алуына жол ашқан маңызды құжат болатын.
Декларацияда Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Алғаш рет ел аумағының тұтастығы, қазақ халқының және басқа да ұлт өкілдерінің мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету, ұлттық болмысты қалыптастыру әрі нығайту сияқты мемлекеттік қағидаттар бекітілді. Осы декларацияның арқасында ҚазКСР өз ішкі әскерін, мемлекеттік қауіпсіздік пен ішкі істер органдарын құру құқығына ие болды. Ал президент елдің басшысына айналды.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Республика күні жыл сайын 25 қазанда аталып өте бастады. 1995 жылы 18 қазанда алғаш рет "ұлттық мереке" болып жарияланды. Алайда 2001 жылы бұл мәртебеден айырылып, "мемлекеттік мереке" санатына өтті. Ал 2009 жылы сәуірде мерекелер қатарынан мүлде алынып тасталды.
2022 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін қайтаруды ұсынды. Мемлекет басшысы оған "ұлттық мереке" мәртебесін беріп, Қазақстанның басты мейрамы ретінде атап өту туралы бастама көтерді.Тоқаевтың бастамасы халықтың қолдауына ие болып, дәл сол жылы заңға тиісті өзгеріс енгізілді. Сөйтіп былтыр Қазақстан халқы ұзақ жылдар бойы атаусыз қалған Республика күнін алғаш рет дүркіретіп атап өтті
Осылайша он жылдан астам уақыт бойы 25 қазан – Республика күні тойланған жоқ.