«Балаларға арналған массаж және сергіту жаттығулары» » «196 бөбекжай-балабақша»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«196 бөбекжай-балабақша»
коммуналдык мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-12-56
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-93-19
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Балаларға арналған массаж және сергіту жаттығулары»
17
сәуір
2026

«Балаларға арналған массаж және сергіту жаттығулары»

Баланың сөйлеу тілінің дамуы – оның жалпы психикалық және тұлғалық дамуының маңызды көрсеткіші. Кейбір балаларда сөйлеу кеш дамуы, дыбыстарды бұрмалап айту немесе сөздік қорының аздығы байқалуы мүмкін. Мұндай жағдайларда арнайы логопедиялық жаттығулардың маңызы зор. Балабақшаға бармайтын балалар үшін бұл жұмысты ата-аналар өздері жүргізеді. Сондықтан қарапайым, бірақ тиімді әдістерді меңгеру өте маңызды.                                      Соның бірі – артикуляциялық массаж және сергіту жаттығулары.
Массаждың маңызы мен әсері:
Артикуляциялық массаж – сөйлеу мүшелерінің (ерін, тіл, жақ, бет) бұлшықеттеріне әсер ету арқылы олардың жұмысын жақсартуға бағытталған әдіс.
Массаждың әсері:
  • Бұлшықет тонусын қалыпқа келтіреді (әлсіз немесе кернеулі бұлшықеттерді реттейді) 
  • Қан айналымын жақсартады 
  • Сөйлеу мүшелерінің қозғалысын икемді етеді 
  • Дыбыстарды анық айтуға көмектеседі 
Артикуляциялық жаттығулар (массаж элементтерімен):
Ерінге арналған жаттығулар:
  • «Күлімсіреу» – ерінді екі жаққа созып, бірнеше секунд ұстап тұру 
  • «Түтікше» – ерінді алға шығарып, қайта қалпына келтіру 
  • Кезектестіру – күлімсіреу мен түтікшені алмастыру 
Тілге арналған жаттығулар:
  • «Сағат» – тілді оңға-солға қозғалту 
  • «Жылан» – тілді шығарып, қайта тарту 
  • «Тәтті тосап» – тілді жоғарғы ерінге тигізу 
  • «Ат шауып келеді» – тілді таңдайға соғу 
Жақ пен бет бұлшықеттері:
  • Ұртты жеңіл уқалау 
  • Ауызды кең ашу және жабу 
  • Бетті жеңіл сипалау 
Сергіту жаттығуларының маңызы:
Сергіту жаттығулары баланың тыныс алуын, дауысын және жалпы қозғалыс белсенділігін дамытады.
Тыныс алу жаттығулары:
  • Мұрынмен терең дем алып, ауызбен баяу шығару 
  • «Шамды өшіру» – үрлеу 
  • «Шар үрлеу» – ұзақ тыныс шығару 
Дыбыстық жаттығулар:
  • Дауысты дыбыстарды созып айту (а-а-а, о-о-о, у-у-у) 
  • Дыбыстарды әртүрлі дауыс ырғағымен айту 
Қимыл-қозғалыс жаттығулары:
  • Саусақ ойындары (ұсақ моториканы дамыту) 
  • Қарапайым қимылды ойындар 
Практикалық бөлім:
  • Логопед жаттығуларды көрсетеді 
  • Ата-аналармен бірге орындау ұйымдастырылады 
  • Қателіктер түзетіліп, кеңес беріледі 
Ата-аналарға ұсыныстар:
  • Жаттығуларды күн сайын 5–10 минут жүйелі орындау 
  • Баланың көңіл-күйін ескеру 
  • Жаттығуды ойын түрінде ұйымдастыру 
  • Айна алдында орындау (бала өзін бақылау үшін) 
  • Баланы міндетті түрде мақтап, қолдау көрсету 
Массаж және сергіту жаттығулары – баланың сөйлеу тілін дамытудағы қарапайым әрі тиімді әдістердің бірі. Үй жағдайында жүйелі, дұрыс ұйымдастырылған жұмыс арқылы ата-ана баласының тілінің дамуына үлкен ықпал ете алады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив