«Үй жағдайында дамытушы ойындарды ұйымдастыру» » «196 бөбекжай-балабақша»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«196 бөбекжай-балабақша»
коммуналдык мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-12-56
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-93-19
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Үй жағдайында дамытушы ойындарды ұйымдастыру»
19
қараша
2025

«Үй жағдайында дамытушы ойындарды ұйымдастыру»

"Тыңда!" ойыны
Қызықты уақыт өткізумен қатар, бұл ойын балалардың музыкалық түйсігін жақсартып, зейінін арттырады.
Керек заттар:
- дыбысы анық шығатын заттар.
Қалай ойнайды?
1. Үйдегі дауысы ерекше шығатын заттарды (шыны ыдыс, тарақ, кітап, қалам және т.б.) жинап алыңыз.
2. Баланың көзін таңу қажет.
3. Баладан дыбыс арқылы затты дұрыс табуын сұраңыз.

"Тиын тастау"  балалардың көз және қол координациясын жақсартады. Оның үстіне бұл ойынға отбасының барлық мүшесі қатыса алады.  
Керек заттар:
- Тиындар;
- Пластик стақандар.
Қалай ойнайды?
1. Әр қатысушы 5 тиыннан алады.
2. Стақанды столдың немесе орындықтың үстіне қойыңыз.
3. Балаңыз неше жаста болса, стақан тұрған жерден артқа қарай сонша рет қадам жасасын. Үлкендер баладан бес қадам алыстаса болады.
4. Бала қолындағы тиындарды стақанға лақтыруы керек.
5. Кім көбірек тиын салса, сол жеңіске жетеді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив